
Астана қаласында алғаш рет 2014–2015 жылы туған жасөспірімдер арасында волейболдан Қазақстан чемпионаты өтті. Ауқымды жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 23 команда қатысты.
Біздің команда турнирде сәтті өнер көрсетіп, топтық кезеңнен сенімді түрде өтіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Ширек финалда волейболшылар Алматы қаласының командасын жеңсе, жартылай финалда кейіннен чемпион атанған Ақтөбе облысының мықты командасына есе жіберді.
Қола жүлде үшін өткен кездесуде жерлестеріміз Павлодар облысының құрамасымен кездесті. Тартысты өткен матч шешуші бесінші партияға дейін жалғасты. Шешуші сетте біздің команда 15:7 есебімен сенімді жеңіске жетіп, Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Бұл жетістікке екі жылдық тынымсыз жаттығулардың, республикалық және халықаралық жарыстарға тұрақты қатысудың, сондай-ақ оқу-жаттығу жиындарының нәтижесінде қол жеткізілді.
Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамын лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!