
2026 жылғы 17–20 мамыр аралығында Астана қаласында еліміздің үздік спортшыларын жинаған велотректен Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша спорт мектебінің тәрбиеленушісі Артем Маркшталер жоғары дайындық деңгейі мен спорттық шеберлігін көрсетіп, 3 шақырымдық жеке қуу жарысында алтын медаль жеңіп алды.
Артемнің жеңісі — табанды жаттығулардың, мықты мінездің, мақсатқа ұмтылыстың және үлкен еңбектің нәтижесі. Спортшы республикалық деңгейде өз спорт мектебі мен өңірінің намысын абыроймен қорғап, солтүстікқазақстандық спортшылардың жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді.
Артем Маркшталерді лайықты жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта жаңа спорттық жетістіктер, жарқын жеңістер және биік белестер тілейміз!