Жеңіл атлетикадан Орталық Азия чемпионатындағы күміс жеңіс

Жеңіл атлетикадан Орталық Азия чемпионатындағы күміс жеңіс

16–17 мамыр күндері Ташкент қаласында (Өзбекстан) 2009–2010 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында (U-18) жеңіл атлетикадан Орталық Азия чемпионаты өтті.

Қазақстан Республикасының құрама командасы сапында өнер көрсеткен спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, екі күміс медаль жеңіп алды:

  • Эпов Виктор — 800 метр 
  • Зверева Валерия — 1500 метр 

Спортшылардың жоғары жетістігі — тынымсыз дайындықтың, қажырлы еңбектің және жаттықтырушылардың кәсіби жұмысының нәтижесі.

Спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушыларды халықаралық жарыстағы сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!