Облыста тоғызқұмалақтан ашық онлайн турнирін өткізу регламенті

Облыста тоғызқұмалақтан ашық онлайн турнирін өткізу регламенті

1. Мақсаттары мен міндеттері

  • ұлттық спорт түрлерін дамытуды танымал ету;

  • салауатты өмір салтын насихаттау;

  • спорт шеберлігін арттыру.

2. Өткізу орны мен мерзімі

Өткізу орны мен мерзімі igGamecentr платформасында 2020 жылғы 10-13 қараша айында.

Облыстың ашық онлайн турниріне қатысуға өтінімдерді қабылдау 2020 жылғы 10 қараша сағат 18-00-ге дейін.

Жарыс 2020 жылғы 11 қараша сағат 10-00-де басталады.

Жарыстың бас төрешісі Т.А.Жансеитов.

Жарыстың бас хатшысы Д.Оберемко.

3. Жарысқа қатысушылар

Жарыс үш жас тобында өткізіледі:

  • 18 жасқа дейінгі ұлдар

  • 18 жасқа дейінгі қыздар

  • ересектер (18 жас және одан жоғары ерлер мен әйелдер)

4. Жарысты ұйымдастырушылар мен басшылық

Жарысты ұйымдастыру және өткізуге басшылықты дене шынықтыру және спорт басқармасымен бекітілген бас төрешілер алқасы жүзеге асырады.

5. Жеңімпаздарды марапаттау

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті дәрежедегі медальдармен және дипломдармен марапатталады.

6. Өтінімдер

Өтінімдер oberemko-denis@mail.ru электрондық адресіне 2020 жылғы 10 қараша сағат 18-00-ге дейін қабылданады.

Байланыс телефондары:
87752956799 Д. Оберемко,
87054421648 Т. Жансеитов.