Қоржында екi медаль

Қоржында екi медаль

1 қараша күнi 20 жасқа дейiнгi өрендер мен қыздар және 23 жасқа дейiнгi жастар арасында ауыр атлетикадан ел бiрiншiлiгi басталды. Спортшылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында сайыс алғаш онлайн форматта өтуде.

Додада облыстық олимпиадалық резевтегi мамандандырылған мектеп-интернат-колледжiнiң төрт тәрбиеленушiсi, атап айтқанда, Жанәли Тұяқов, Александр Шпехт, Алина Колиушко және Денис Полубояринов бақ сынап, өңiр намысын қорғауда. Жаттығуларда бiраз тер төккен олар шеберлiктерiн көрсету үшiн барын салуда. Жерлестерiмiзге сәттiлiк тiлеймiз, — дедi ол.

Сенбiге дейiн созылатын жарыстың бiрiншi күнiнiң нәтижесiнде 61 килограмға дейiнгi салмақ дәрежесiнде жастар арасында өнер көрсеткен солтүстiкқазақстандық атлет Александр Шпехтке тең келер ешкiм болмады. Ол зiлтемiрдi жұлқа көтеруде — 100 килограмды, серпе көтеруде 135 килограмды еңсерiп, қоссайыстың қорытындысында 235 килограмдық көрсеткiшпен алтын медаль олжалады. Одан бөлек, 55 килограмға дейiнгi салмақтағы қыздар арасында екi кезең бойынша 157 килограмды бағындырған Алина Колиушко күмiс жүлдегер атанды.