Қос боксшы — қос жеңiс

Қос боксшы — қос жеңiс

Жуырда солтүстiкқазақстандық боксшылар — Мұрат Тұрманбетов пен Евгений Павлов шаршы алаңда сәттi өнер көрсетiп, кәсiпқой рингтағы екiншi жеңiстерiне қол жеткiздi.

Жас спортшы Мұрат Тұрманбетов Алматы қаласында өткен «MTK Fight Night» бокс кешiнде жеңiске жеттi. Жерлесiмiз рингте Орал қаласының өкiлi Жандыр Сұлтанғалиевке қарсы қолғап түйiстiрген болатын. Жекпе-жек қорытындысына сәйкес, петропавлдық боксшы қарсыласынан 40:36 есебiмен басым түстi.

Ал Атырау қаласында өткен кәсiпқой бокс кешiнде Евгений Павловтың жолы болды. Жерлесiмiз 55,2 килограм салмақта Танзания елiнiң өкiлi — Гудлак Мремамен (23-5, 13КО) жұдырықтасты. Екiншi жеңiл салмақта өткен кездесу барысында Евгений екiншi раундта қарсыласын нокаутқа жiбердi.

Жерлестерiмiздi кәсiпқой бокстағы кезектi жеңiстерiмен құттықтаймыз!