Солтүстікқазақстандық спортшы Ербол Хамитов – Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері

Солтүстікқазақстандық спортшы Ербол Хамитов – Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері

Милан–Кортина қалаларында өткен қысқы Паралимпиада ойындарында Солтүстік Қазақстан облысының спортшысы Ербол Хамитов парашаңғы жарысында қола медаль жеңіп алды.

1500 метрлік классикалық спринт (LW12) дисциплинасында ол қашықтықты 2 минут 29 секундта жүріп өтіп, жоғары шеберлік пен қайсарлық танытты.

Бұл жетістік тек спортшының өзі үшін ғана емес, бүкіл Солтүстік Қазақстан облысы үшін де маңызды оқиға болды. Ол жас паралимпиашыларға жаңа жеңістерге ұмтылуға үлкен шабыт береді.