Баспасөз релизi

Баспасөз релизi

Қарттар айлығы аясында облыс әкiмiнiң орынбасары Нығыметов Ғани спорт ардагерлерiмен кездесу өткiздi. Кездесу биыл жөндеу жұмыстары жүргiзiлген спорт нысандарын аралау кезiнде өттi. Ардагерлер спорт нысандарын жаңғыртуға қатысты өз көзқарастарын бiлдiрдi және спорт саласында болып жатқан оң өзгерiстер үшiн облыс басшылығына алғыстарын бiлдiрдi. 2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Еңбек» бағдарламалары шеңберiнде жалпы сомасы 422 млн. теңгеге он екi объектiге ағымдағы жөндеу жүргiзiлдi, 2019 жылмен салыстырғанда сома 2 есеге артты. (2019 ж. — 194 млн. тг.).

Борки кентiндегi шаңғы базаларының аумағын абаттандыруға жалпы 88 млн. теңге жұмсалды. Қазiр бұл жерде шаңғышылар мен биатлоншылардан басқа спорттың басқа түрлерi бойынша командалар да жаттығады. Сондай-ақ жергiлiктi тұрғындар велосипедпен, роликтермен сырғанау немесе жай серуендеу үшiн осында келе бастады.

«Қарасай» стадионында роликодромға, қоршауға, бас кiреберiс аумағына ағымдағы жөндеу жүргiзiлдi (жалпы сомасы 35 млн. тг.). Осы жерде тартан жабынын ауыстыру және негiзiн жөндеу жүргiзiлдi (жалпы сомасы 76 млн. тг.).

«Дельфин» ОРМБЖМ-де ғимараттың шешiнетiн бөлмелерiнде, душ, санитарлық тораптарында, машина бөлiмiнде ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды (жалпы сомасы 13 млн. тг.).

Сонымен қатар, «Спорттық акробатикадан МБЖСМ» КММ-нiң ғимаратына күрделi жөндеу жүргiзiлдi (жалпы сома 33 млн. тг.).

А. Винокуров Спорт сарайына электрмен жарықтандыруды жаңғырту (манеж және мұз аренасы), сондай-ақ аумақты абаттандыру жұмыстары жүргiзiлдi (жалпы сома 38 млн. тг.).

Ғани Нығыметов журналистерге жөндеу жұмыстары жүрiп жатқан кезде спорттық нысандарды тексергеннiн айтты, бiрақ қазiр бұл жұмыстардың нәтижесiн көруге қуаныштымын дедi. Оның пiкiрiнше, нысандарды жаңғырту сапалы және шарттарда келiсiлген мiрзiмде жүргiзiлдi. Ендi тек кәсiби спортшылар ғана емес, сонымен қатар қарапайым қала тұрғындары, балалар, жастар спортпен тегiн айналысуға мүмкiндiк алды.

Облыста спорт саласы бойынша жөндеу және құрылыс жұмыстарының жалпы сомасы осы жылы 4,6 миллиард теңгенi құрайды.