1. Мақсаты мен міндеттері
салауатты өмір салтын насихаттау;
облыс тұрғындары арасында онлайн шахматты танымал ету;
мықты спортшыларды анықтау.
2. Өткізу орны мен уақыты
Жарыс 2020 жылғы 22 қарашада өтеді. Қатысушыларды тіркеу сағат 11-00-ден басталады. Жарыс сағат 12-00-де басталады. Жарыс бір күн ішінде өткізіледі.
3. Жарыстарды өткізуге басшылық ету
Жарыстарды өткізуге жалпы басшылықты СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы жүзеге асырады. Жарыстарды тікелей өткізу дене шынықтыру және спорт басқармасы бекіткен төрешілер алқасына жүктеледі.
4. Қабылдау шарттары мен регламент
Жарысқа техникалық мүмкіндіктері бар және шахмат ойын бағдарламасын пайдалана алатын 3-разрядтан төмен емес спортшылар жіберіледі.
Жарыс жүйесі — швейцариялық 7 тур. Әрбір қатысушыға партияның соңына дейін уақытты бақылау 10 минут. Жеребе автоматты түрде ойын бағдарламасымен өткізіледі. Турнир www.lichess.org шахмат сайтында өткізіледі. Жарысқа қатысушылар www.lichess.org сайтында тіркелуі қажет және бұдан әрі https://lichess.org/team/chess-tournaments-sko облыстық шахмат қауымдастығына кіруі керек.
Жарысқа қатысуға өтінімдер mukanov.s@bk.ru электрондық мекенжайына 2020 жылғы 19 қарашаға дейін қабылданады.
5. Шығындар
Шахматтан облыс чемпионатын өткізуге арналған шығындар (төрешілерге ақы төлеу, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дипломдар және медальдармен марапаттау) СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының есебінен жүргізіледі.
6. Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ойын шахмат бағдарламасымен автоматты түрде анықталады.
Байланыс телефоны: 46-73-02 бұқаралық спорт түрлері бөлімі
Байланыс телефоны: Мұқанов Салтанат Сәрсембайұлы — 8 777 282 65 49
Whats app — 8 777 642 32 58
https://lichess.org шахмат сайтында тіркелу жөніндегі нұсқаулық
https://lichess.org сайтына көшеміз.
Оң жақ жоғарғы бұрыштағы «Кіруді» таңдаймыз.
Төменгі сол жақ бұрыштағы «Тіркеуді» таңдаймыз.
Ағылшын тілінде пайдаланушының атын (логин) енгіземіз. (Егер де біреудің пайдаланушымен бірдей аты болса, логинге сандарды қосамыз (мысалы, «chessplayer1996» немесе басқа логин таңдаңыз).
Жүйеге кіру үшін құпия сөз ойлап табыңыз.
Электрондық поштаның мекенжайын көрсетіңіз (қажет болған жағдайда, электрондық поштаны жасаңыз).
Пайдаланушы келісімдерімен танысыңыз және келісімдердің төрт тармағын растаңыз, содан кейін «Тіркеуді» таңдаңыз.
Сіз https://lichess.org сайтына тіркелдіңіз.
Бұдан әрі:
біздің турнирге қатысу үшін Сіз:
https://lichess.org/team/chess-tournaments-sko облыстық шахмат қауымдастығына кіру.
Ол үшін Сіз тегін онлайн шахмат lichess.org сайтын басасыз.
Іздеу бетіне Chess Tournaments SKO жазасыз.
Егер сіз клубта болсаңыз, онда сіз өзіңіздің «Логиніңізбен» жоғарғы оң жақ бұрыштағы қоңырау суретін басыңыз.
Chess Tournaments SKO (СҚО Шахмат турнирі) беті пайда болады.
Әрі қарай, сіз қауымдастық батырмасын басасыз.
кейін клуб батырмасын басасыз
Chess Tournaments SKO Менің клубтарым беті шығады
Chess Tournaments SKO сілтемесін басыңыз
Chess Tournaments SKO беті шығады
Бұл бетте сіз Chess Tournaments SKO клубына қосыласыз
Егер де сіз клубта тіркелген болсаңыз, онда сізге кірудің қажеті жоқ.
Себебі бұл жағдайда клубтың сұранысы болмайды.
Сондай-ақ бұл бетте байланыс мәліметтері көрсетіледі.
Өткізуші ұйым, турнирдің әкімшісіне (Электрондық пошта, Whats app) сіз өз деректеріңізді жіберуіңіз керек, яғни турнирге электронды өтінім жасаңыз. Өтінімсіз сіз турнирге қатыса алмайсыз.
Өтінім дегеніміз не? Бұл онлайн шахмат турниріне қатысу үшін сіздің деректеріңіз. Тегі, Аты, Әкесінің аты, туылған жылы. Сонымен бірге, міндетті түрде сіздің «Логиніңіз», онсыз сіз турнирге қатыса алмайсыз. Сіз нақты ойнайтын бір ғана «Логинді» жіберіңіз. Өтінімдер әдетте турнирге дейін алдын-ала беріледі. Мерзімдер жарыс регламентінде (ережеде) көрсетіледі.
Турнир басталар алдында (жарысқа бір — екі сағат қалғанда) ұйымдастырушылар Chess Tournaments SKO клубы арқылы қатысушыларға жарыстың паролін жолдайды. Құпия сөзсіз (пароль) сіз жарыстарға қатыса алмайсыз. Бұған назар аударыңыз.
Егер сізге бір нәрсе түсініксіз болса, жарыс ұйымдастырушыларының байланыс телефондарымен байланысыңыз.