Солтүстікқазақстандық Георгий Харачиди джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Солтүстікқазақстандық Георгий Харачиди джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Солтүстікқазақстандық Георгий Харачиди джиу-джитсудан әлемдік аренада тарихи жетістікке қол жеткізіп, «Мастерс 2» санатында әлем чемпионы атанды. Абу-Даби қаласында (БАӘ) өтіп жатқан беделді жарыс әлемнің мықты спортшыларын біріктіреді.

12 қараша күні Харачиди 35–40 жас аралығындағы спортшылар арасында 120 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Оның қарсыластары Ресей, Марокко және Әзербайжан спортшылары болды. Жоғары техникалық шеберлік пен сенімді тактиканы көрсеткен солтүстікқазақстандық барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

Георгий Харачиди өңірде ұзақ жылдар бойы еңбекқор әрі болашағынан үміт күттіретін спортшы ретінде танымал. Вольная борьбада бастаған спорттық жолын ол кейін өзге де жекпе-жек түрлерімен жалғастырды. Бүгінде ол халықаралық деңгейде жарыстарға қатысумен қатар, бапкерлік қызметті де атқарады. Винокуров атындағы спорт сарайының жанындағы «Олимп» олимпиадалық резерв мектебінде жас балуандарды тәрбиелеуге үлкен үлес қосып келеді.

Әлем чемпионатында Харачиди Солтүстік Қазақстан облысының басқа да спортшыларымен бірге өнер көрсетуде. Олар – Ярослав Харюков, Ростислав Харюков және Владислав Зайберт. Бұл өңірдегі жекпе-жек спорттарының қарқынды дамып келе жатқанын дәлелдейді.

Георгий Харачидидің жеңісі СҚО спорт қауымдастығы үшін үлкен қуаныш болды. Бұл жетістік өңір спортшыларының жоғары кәсіби деңгейін көрсетіп қана қоймай, жас буынға үлкен мақсаттарға ұмтылуға шабыт береді.