Баспасөз релизi

Баспасөз релизi

2015 жылдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi Дүниежүзiлiк банкпен бiрлесiп, «Қазақстанда энергия тиiмдiлiгiн арттыру» жобасын iске асыруда. Бұл жобаның тiкелей орындаушысы «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ болып табылады.

«Солтүстiк Қазақстан облыстық олимпиадалық резервiнiң мамандандырылған мектеп-интернат-колледжi» КММ-сi жобаға қатысатын республиканың бiрнеше ондаған мемлекеттiк мекемелерiнiң қатарында. Мұнда 2018-2019 жылдар аралығында энергия тиiмдiлiгiн арттыруға арналған көптеген жұмыстар атқарылды. Ғимараттардың шатыры мен қабырғаларын минералды мақтамен жауып, қабырғаларын металл сайдингпен қаптады. Ендi ғимараттардағы температуралық режим автоматтандырылған жылу пунктiмен реттеледi, ал барлық ғимараттарда жайлы жарықтандыру заманауи және үнемдi жарықдиодты шамдармен қамтамасыз етiледi. Барлық осы шаралар спорт мекемелерiнде балалардың тұруы мен сабақ оқуы үшiн қолайлы орта құруға және ғимараттарды жарықтандыру мен жылыту шығындарын азайтуға мүмкiндiк бередi. Бұған жақында спорт интернат-колледжiне келген Қазақстандағы Дүниежүзiлiк банк өкiлдерi Жан-Франсуа Марго, Қанат Қайырберлi, Елена Яковлева, сондай-ақ «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Серик Турчекеновтiң көздерi жеттi.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов қонақтарға алғыс хаттар табыс еттi.