Президент Жолдауын жүзеге асыруды спорт басқармасының басшысы талқылады

Президент Жолдауын жүзеге асыруды спорт басқармасының басшысы талқылады

Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қарлығаш Рамазанова жоспарлы кеңес өткізді. Жиында Мемлекет басшысының Жолдауындағы спорт саласына қатысты негізгі бағыттар қаралып, бұқаралық спортты дамыту мен инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, спорт мектептеріндегі жұмыс барысы мен алдағы жоспарлар айтылды.