Қазақстандық бокста тарихи оқиға орын алды. Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Наталья Богданова 70 келі салмақ дәрежесінде Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алып, ел қоржынына алғашқы медальді сыйлады.
Бұл жетістік спортшыға кемінде қола жүлдені қамтамасыз етті. Алдағы 13 қыркүйекте Богданова шаршы алаңда жарыстың қожайыны, ағылшын боксшысы Шантель Ридпен кездеседі.
Айта кету керек, Наталья Қазақстан тарихында алғаш рет Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) мен World Boxing ұйымдарының турнирлерінде жүлде жеңіп алған спортшы атанды. Бұл – отандық бокстың жаңа деңгейге көтерілгенін көрсететін айрықша жетістік.