Жаңа оқу жылы – жаңа жетістіктерге жол

Жаңа оқу жылы – жаңа жетістіктерге жол

1 қыркүйек – Білім күні. Бұл мереке жаңа мүмкіндіктердің, үлкен үміт пен тың жетістіктердің бастауы. Солтүстік Қазақстан облысының спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты жаңа 2024–2025 оқу жылын жаңа табыстармен және үлкен жоспарлармен қарсы алып отыр.

Өткен оқу жылының қорытындысы мектеп ұжымының мақтанышы болды. 11-сыныпты 53 түлек тәмамдап, олардың үшеуі – Дельмухамбетова Фатиха, Хуснутдинова Сабина және Турсунов Даниял – үздік аттестатқа ие болды. 12 оқушы мемлекеттік грант негізінде жоғары оқу орындарына қабылданды, оның ішінде отандық және шетелдік беделді университеттер бар. 13 түлек ақылы негізде білімін жалғастыруда.

Жаңа оқу жылы қарсаңында мектепте 264 оқушы білім алуда, олардың 90-ы – жаңа қабылданғандар. 7-сыныпқа 37 жас спортшы қабылданса, биылғы 11-сынып түлектерінің саны – 47.

Мектеп-интернаттың басты мақсаты – болашақ чемпиондар мен спорт саласының кәсіби мамандарын даярлау. Осы бағытта колледж бөлімшесінде «Дене тәрбиесі мен спорт» мамандығы бойынша оқыту жүйелі жүргізілуде. 2025 жылы бөлінген 30 мемлекеттік гранттың 19-ын мектеп-интернат түлектері иеленді. Бүгінде колледжде 80 студент оқиды: 1 курста – 30, 2 және 3 курстарда – әрқайсысында 25 студент.

Мектеп-интернат түлектері Қазақстан спортының мақтанышына айналды. Олардың қатарында Креч Роман – 2010 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы, конькимен жүгіруден әлем чемпионаттарының жүлдегері; Луценко Алексей – велоспорттан әлем чемпионы, Азия ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы; Кайпанов Нұрқожа – еркін күрестен әлем чемпионы және Азия чемпионы; Стратан Анна – әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан чемпионы, халықаралық аренаның жүлдегері, қазіргі таңда колледждің 2 курс студенті.

Солтүстік Қазақстан облысының спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты – тек спорттық шеберлік мектебі ғана емес, сонымен бірге тәрбие, жауапкершілік пен жетістікке ұмтылуды қалыптастыратын орда. Жаңа оқу жылында барлық оқушыларға табыс, жаңа жеңістер мен жарқын жетістіктер тілейміз!