Солтүстік Қазақстанда әлем чемпионатының қола жүлдегері Анна Стратанды қарсы алды

Солтүстік Қазақстанда әлем чемпионатының қола жүлдегері Анна Стратанды қарсы алды

Спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатта жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, солтүстікқазақстандық балуан қыз Анна Стратанмен кездесу өтті.

Анна Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде қола медаль иеленді. Жолында Қытай және АҚШ спортшыларын жеңіп, жартылай финалда Норвегия өкіліне есе жібергенімен, шешуші белдесуде Швеция балуанын 9:1 есебімен ұтып, жүлдегер атанды.

Шараға Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қарлығаш Рамазанова қатысып, спортшыны жетістігімен құттықтап, бұл жеңістің өңір спорты үшін маңыздылығын атап өтті.

Бұл медаль – жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер күресінен жеңіп алған алғашқы жүлде болып отыр.