Солтүстік Қазақстан облысы спорттық дәстүрлерге бай өлке болып саналады. Бүгінде 225 мыңнан астам тұрғын, оның ішінде 102 мыңнан аса бала спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Өңірде 2 126 спорт нысаны жұмыс істейді, олардың қатарында А. Винокуров атындағы Спорт сарайы, әмбебап теннис орталығы, 13 стадион және 20 дене шынықтыру-сауықтыру кешені бар.
Облыс Қазақстанды әлемге танытқан даңқты спортшыларымен мақтанады: Олимпиада чемпионы Александр Винокуров, халықаралық жарыстардың жеңімпазы Алексей Луценко, сондай-ақ жас жұлдыздар – Ислам Евлоев, Алина мен Кристина Шумековалар, Шамиль Ермағанбетов және Наталья Богданова.
Бүгінде ұлттық құрама сапында СҚО-дан 495 жоғары дәрежелі спортшы бар – Олимпиада қатысушылары, әлем, Азия және Қазақстан чемпиондары. Олардың жеңістері жас ұрпаққа үлгі болып, өңіріміздің даңқын асқақтатуда.
Барша спортшыларды мерекемен құттықтап, мықты денсаулық, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!