Баспасөз релизi

Баспасөз релизi

Петропавлда ұлттық спорт түрлерiнен ОБЖСМ-да алғаш рет самбо бөлiмшесi ашылды.

Өңiрде бұл спорт түрi 2004 жылға дейiн дамыған болатын, ендi ұзақ үзiлiстен кейiн жас солтүстiкқазақстандықтар қарусыз өзiн-өзi қорғау құпияларын ұғынуға мүмкiндiк алды. Он алты жас спортшылардың алғашқы екi тобы жаттығуға кiрiстi. Жаттықтырушылар мен олардың тәрбиеленушiлерiн осы тамаша оқиғалармен облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов, спорт ардагерi және облыстық күрес федерациясының басшысы Бауыржан Күлжанов, ардагерлер арасында самбодан әлем чемпионы Мақсат Нүсiпов құттықтады.

Айтулы оқиғалардың iшiнде олар Халықаралық Олимпиада комитетi атқарушы комитетiнiң самбоны тану туралы жақында қабылдаған шешiмiн, болашақта спорттық және қолданбалы жекпе-жектiң осы түрiн Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосуға мүмкiндiк беретiнiн атап өттi.