«Qyzyljar–2025» ұлттық спорт түрлерінен облыстық спартакиадасының қорытындысы!

«Qyzyljar–2025» ұлттық спорт түрлерінен облыстық спартакиадасының қорытындысы!

24–28 маусым аралығында Аққайың ауданының Смирново ауылында ұлттық спорт түрлерінен «Qyzyljar–2025» облыстық спартакиадасы өтті. Ауқымды дода 29-шы Халықтық спорт ойындары аясында ұйымдастырылып, оған облыстың 13 ауданынан 650-ден астам спортшы қатысты.

📣 Жалпыкомандалық есеп нәтижесі:

🥇 1 орын — Аққайың ауданы
264 ұпай
🥈 2 орын — Шал ақын ауданы
205 ұпай
🥉 3 орын — Ақжар ауданы
187,5 ұпай

🎉 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Келесі жылы бұл ауқымды фестиваль Есіл ауданында өтетіні белгілі болды!

💪 Барша қатысушыларға, бапкерлерге және жанкүйерлерге ұлттық спортты дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз!