2025 жылғы 25 мамырда Петропавл халықаралық әуежайында Ташкентте (Өзбекстан) 20–22 мамыр аралығында өткен Орта Азияның Ашық чемпионатынан оралған солтүстікқазақстандық жүзушілерді салтанатты қарсы алу өтті.
Біздің спортшылар тамаша өнер көрсетіп, жалпы саны 13 медаль жеңіп алды:
10 алтын
2 күміс
1 қола
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Яна Лукьянчикова
— 50 м еркін жүзу — алтын
— 100 м еркін жүзу — алтын
— 4×100 м еркін эстафета — алтын
— 4×100 м кешенді аралас эстафета (микс) — алтын
Егор Демков
— 50 м еркін стиль — күміс
— 4×100 м еркін эстафета — алтын
— 4×100 м аралас эстафета (микс) — алтын
— 50 м брасс — қола
Евгений Ялунин
— 50 м еркін стиль — алтын
— 50 м арқамен жүзу — алтын
— 4×100 м еркін эстафета — алтын
— 4×100 м аралас эстафета (микс) — алтын
— 100 м арқамен жүзу — күміс
Біз спортшыларымыз бен оларды дайындаған жаттықтырушыларымен мақтанамыз! Олар Солтүстік Қазақстан облысы мен бүкіл елді халықаралық аренада лайықты деңгейде таныта білді!