Күн тәртібінде абаттандыру және шомылу маусымына дайындық мәселелері қаралды.
Ауылдық округтер мен Сергеевка қаласының әкімдеріне «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жұмысты күшейту тапсырылды: шөп шабу, аумақты тазарту, санитарлық іс-шараларды жүргізу және тұрғындармен жұмысты жандандыру.
Сондай-ақ, шомылу маусымындағы қауіпсіздікке қатысты тапсырмалар берілді — тұрғындармен, әсіресе балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, рұқсат етілмеген суға шомылу орындарына ескерту белгілерін орнату және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын қабылдау қажет.