Сергеевка қаласында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту аясында «ZHA-Group LTD» ЖШС-мен 1000 басқа арналған сүт-тауар фермасын салу жобасы іске асырылуда. Жобаның жалпы құны — 3,5 млрд теңге. Нысан толық іске қосылған соң 30 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Бүгінгі күні ферманың негізгі нысандарының құрылысы аяқталған:
әрқайсысы 300 басқа арналған екі қора,
төлдеу бөлімшесімен бірге сауу залы,
бұзау қорасы,
әрқайсысының көлемі 2,5 мың тонна болатын төрт силос шұңқыры,
құрамажем цехы.
Сондай-ақ, малшы үйі мен санитарлық өткізу пунктінің құрылысы толық аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Ферма аумағы толығымен қоршалған. Құрылыс мердігері — «Хайер Строй» ЖШС (Көкшетау қаласы).
Жобаның жоғары өнімділігін қамтамасыз ету үшін Германиядан «Карусель» маркалы 36 сауу орны бар заманауи сауу қондырғысы сатып алынды (жеткізуші — «Вестфалия» ЖШҚ). Қазіргі таңда бұл жабдықты неміс мамандары орнатып жатыр.
Жобаны толық іске асыру үшін «Солтүстік» ӘКК арқылы 800 млн теңге көлемінде қосымша қаржыландыру бөлінді. Бұл қаражатқа Даниядан 612 бас голштин тұқымды асыл тұқымды қашар сатып алынады. 2024 жылы алғашқы партия — 136 бас жеткізілді. Тамыз айында мамандар Данияға барып, тағы 200 басқа іріктеу жүргізді. Алайда Даниядағы карантин талаптарының күшеюіне байланысты экспорт шектеулері енгізілді. Осыған байланысты 2025 жылы маусым айында Ресейден 100 бас, қыркүйек айында Даниядан 375 бас қашар жеткізу жоспарлануда.
Анықтама үшін: 2021 жылдың басында «ZHA-Group LTD» ЖШС 400 басқа арналған сүт-тауар фермасының құрылысын бастаған болатын. Бұл фермаға «Елочка 2×8» маркалы сауу құрылғысы (жеткізуші — МСК «Омск»), әрқайсысының көлемі 5000 литр болатын екі салқындатқыш танкер, автоматты көң шығару жүйесі және қуаты 550 кВт болатын дизель генераторы орнатылған. Нысан 2022 жылдың соңында пайдалануға берілді. 2023 жылдың көктемінде Чехия Республикасынан 121 бас (87 симменталь және 34 голштин тұқымды) қашар әкелінді.
Қазіргі уақытта 100 сауын сиырдан тәулігіне 25–27 литр көлемінде сүт сауылып, оның орташа майлылығы — 4,1%. Жалпы тәуліктік сүт өнімі — 2,5–2,7 тонна. Өндірілген сүт Көкшетау қаласындағы «Milk Project» ЖШС-не жеткізіледі.