Аудан прокуроры Нұржан Қожановтың бастамасымен және аудан әкімі Қайрат Омаровтың төрағалығымен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық кеңес өтті.
Жиынға полиция бөлімі мен білім бөлімінің басшылары қатысты.
Кеңес барысында аудан аумағындағы қылмыстың алдын алу бойынша атқарылып жатқан шаралар талқыланып, сала жетекшілері есеп берді.
🔹 Прокурор мен полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен жалпы қылмыстық ахуал жөнінде баяндама жасады.
🔹 Білім бөлімі басшысы мектеп оқушылары арасындағы тәрбие жұмысы мен алдын алу шаралары туралы баяндады.
Аудан әкімі өз кезегінде бірқатар нақты тапсырмалар беріп, алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізу қажеттігін атап өтті.