📢 Шал ақын ауданында ауылдық мәдениет мекемелері арасында «Үздік мәдениет ошағы – 2025» облыстық байқауы өтті. Байқаудың басты ерекшелігі – барлық қатысушылардың тек қана тірі дауыста өнер көрсетуі болды!
Ауылдың тыныс-тіршілігін, мәдени өмірін дәріптеген іс-шарада қатысушылар ұлттық өнер мен сахна мәдениетін жоғары деңгейде көрсетті. Әр ұжым өзінің ерекшелігін, шығармашылық серпінін паш етті.
Байқау мәдениет қызметкерлеріне жаңа шабыт сыйлап, тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік берді.
Өнер барда – өмір бар!