📢 Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті

📢 Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті

2025 жылдың 20 наурызында кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтіп, балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Отырыста өзекті мәселелер, алдын алу шаралары және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар үшін заңды жауапкершілік талқыланды. Комиссия мүшелері балаларды қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мүдделі органдар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін қарастырды.

🔹 Балалардың қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз!
🔹 Олардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғау – әрбір азаматтың жауапкершілігі!