АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының босалқы жерлерінен шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру" конкурсын өткізу туралы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының босалқы жерлерінен шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру" конкурсын өткізу туралы
  1. Конкурсқа мемлекеттік меншіктегі, жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы қойылады.
  2. Конкурсқа қатысуға ҚР Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім ресімдеген Қазақстан Республикасының Жеке және заңды тұлғалары жіберіледі.
  3. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы "6" мамырдан 2024 жылғы "21" мамырды қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады.
  4. Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз жеткізгіште қолма-қол не пошта арқылы немесе "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.
  5. Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз жеткізгіште қолма-қол не пошта арқылы немесе "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты жер комиссиясы ҚР Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткізеді.

"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға өтінім аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы келіп түседі. Конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсыныс аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі, содан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.

5 . Конкурсқа қатысуға өтінімде мыналар болуы тиіс:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін - заңды тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтініш беруші - заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, Өтініш берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) Жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтініш беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтініш беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын көрсетілген шартқа қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жасасу жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Іс жүргізу конкурсына қатысуға өтінімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхат негізінде жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері ұсына алады.

  1. Конкурстық ұсыныста мыналар болуы тиіс:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы,құрылатын жұмыс орындарының саны) ;

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс, фитосанитарлық және карантиндік талаптар.

Өтініш беруші конкурстық ұсыныста ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген)ауыл шаруашылығы мақсатындағы, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау.

  1. Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынылады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе Сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және "электрондық үкімет"веб – порталы арқылы берілген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалар үшін-бірінші басшының (немесе Сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
  2. Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай ендірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауға тиіс.
  3. Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі Конкурс" және: 2024 жылғы 22 мамыр сағат 10:00 минутке дейін ашпаңыз" (нақты күні көрсетіледі) деген жазу көрсетіледі.
  4. Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбауға тиіс.
  5. Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өз өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады. Өзгеріс өтінімнің өзі сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтарып алу туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін алса, жарамды болып табылады.
  6. Өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептеулерде қателердің, құжаттардағы барлық қолдардың болуы тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ тұтастай ресімдеудің дұрыстығын тексереді, бизнес-жоспар бойынша, оның ішінде конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру арқылы өтінімдерді бағалайды, салыстырады.

  1. Ең жоғары балл жинаған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Тартылатын инвестициялардың ұсынылатын көлемі бойынша екі немесе одан да көп конкурстық ұсыныстардың балдары тең болған кезде конкурс жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы айқындалады.

Бұл жағдайда ең жоғары балл және Комиссия мүшелерінің көпшілік даусын жинаған қатысушы жеңімпаз деп танылады.

Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындысы 2024 жылғы "22" мамырда  шығарылады.

Конкурстық өтінімдер "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің аппараты" КММ-не 2024 жылғы "21" мамыр сағат 18.00-ден кешіктірмей мына мекен-жай бойынша ұсынылады: инд.151300, СҚО, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Победа көшесі, 35, 110 кабинет қолма-қол немесе пошта арқылы, кері байланыс үшін электрондық поштаны көрсету қажет.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Шал ақын ауданы әкімінің сайтынан алуға болады. www.gov.kz/memleket/entities/sko-shalakyn және "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" КММ – тел: 8 (71534) 2-02-30

 

 

"Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының босалқы жерлерінен шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру" конкурсына шығарылған жер учаскелерінің тізімі

 

 

 

Лот №

Жер учаскесінің кадастр нөмірі,, алқаптың №

 

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы

(алқаптардың құрамы мен түрлері, бонитет баллы)

 

алаңы, га

Орташа балл бонитеті

Жалдау мерзімі, жыл

Сумен қамтамасыздығы

Ауылшаруашылық мақсаты

Жанажол ауылдық округі

1

15-228-016

Жалпы алаңы Табиғи жайылым

Жақсартылған жайылым Басқалары

222

 

22

 

197

 

3

14,4

10

қанағаттанарлық

Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және мал шаруашылығын дамыту

 

Конкурс бойынша барлығы: 222 гектар, оның ішінде: табиғи жайылым – 22 гектар, жақсартылған жайылым – 197, басқалары – 3 га.