Су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі жедел аудандық штабтың отырысы

Су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі жедел аудандық штабтың отырысы

Шал ақын ауданында әсіресе 5 елді мекен: Новопокровка, Городецкое, Мерген, Ақанбарақ ауылдары және Сергеевка қаласы су тасқынына бейім. Тәуекел аймағындағы тұрғын үйлердің жалпы саны 81, халық саны 109 адам. Ауыл шаруашылығы малдарының жалпы саны 115 бас.

Бұл елді мекендерде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тұрғындар мен ауыл шаруашылығы жануарларын эвакуациялау жоспары жасалған. 150 төсектік 5 эвакуациялық пункт дайындалды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы құрылымдарының аумақтарында ауылшаруашылық жануарлары үшін 5 эвакуациялық пункт дайындалды.

Су тасқыны кезеңінде ауданда ниет және жалға беру келісім-шарттары бойынша 43 бірлік техника бар. Оның 20-сы мамандандырылған: 4 шынжыр табанды экскаватор, 1 доңғалақты экскаватор, 2 бульдозер, 3 тиегіш, 1 топырақ кескіш, 1 тракторлы трал, 3 автогрейдер, 1 кран, 3 қайық, КамАЗ базасындағы 1 экипаж автобусы. Жеке құрам: 60 адам.

Аудан әкімі жауапты мамандарға жағдайды ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Оның ішінде: ауыл шаруашылығы жануарларын шығаруды бақылау, су басу қаупі бар елді мекендерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, еріген судың кедергісіз өтуі үшін су өткізгіш құбырларды тазалау және тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру.