Ауғанстан Республикасынан шығарылғанына 34 жыл толуына арналған салтанатты митинг

Ауғанстан Республикасынан шығарылғанына 34 жыл толуына арналған салтанатты митинг

Ауғанстан Республикасынан шығарылғанына 34 жыл толуына арналған салтанатты митинг

2023 жылғы 15 ақпанда интернационалист жауынгерлерді еске алу күнінде кеңес әскерлерінің Ауғанстан Республикасынан шығарылғанына 34 жыл толуына арналған салтанатты митинг өтті.

Қала тұрғындары аздаған аязға қарамастан ескерткішке келді. Отанымыздан тыс жерде қаза болғандарды еске алып, аудан әкімі, Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысушылар, полиция, мәслихат, ардагерлер кеңесі, қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері мен жастар гүл шоқтарын қойды.

Шал ақын ауданының әкімі Рахат Смағұлов қатысушыларға арнаған сөзінде Ауғанстаннан әскерлерді шығару күні – Ауған ардагерлерінің мерекесі, қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді еске алу және қайғы-қасірет күні екенін атап өтті. Сондай-ақ, Шал ақын ауданы бойынша Ауғанстандағы соғыс ардагерлері қауымдастығының төрағасы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Шал ақын ауданы мен Тимирязев ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің бастығы сөз сөйледі.

Жиналғандар бір минуттық үнсіздікпен қаза тапқан интернационалист жауынгерлер жерлестерін еске алды.

Содан кейін ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Салтанатты митингіден кейін Мәдениет үйінде концерт өтті. «Пришел приказ», «Офицеры» атты әндер шырқалды. Сондай-ақ, концертте аудан әкімінің атынан, оқушылар арасында әскери-спорттық көпсайыс бойынша облыстық онлайн спартакиданың жүлдегерлері алғыс хаттармен марапатталды.