Занды тұлғаларды онлайн тіркеу

Занды тұлғаларды онлайн тіркеу

ЖШС ашу үшін ісін жаңа бастаған қазақстандықтарға жарғы ұсынудың, тіркеу жарнасын төлеу немесе салық басқармасына барудың қажеті жоқ. Қазір заңды тұлғаларды тіркеу мемлекеттік қызметі толық автоматтандырылған. Тек компьютер мен ЭЦҚ болса болғаны.

Егер egov.kz порталында келесі нұсқауларды орындасаңыз, жарты сағатта кәсібіңізді тіркей аласыз:

  • «Кәсіпкерлікті тіркеу және тарату» бөлімінде қажетті тіркеу түрін таңдау керек;
  • құрылтайшы кәсіпкерлік қызметін бастағаны туралы тіркеуші органға хабарлама береді;
  • тиісті жолдарды толтырғаннан кейін жүйе барлық деректердің дұрыстығын тексеруді сұрайды.

Бәрі дұрыс болса, жүйе ақпаратты өңдеп, 30 минут ішінде ЖШС тіркелгені туралы анықтама береді. Шағын және орта бизнес үшін бұл қызмет тегін.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша баспасөз
қызметі