Декларация нысаны
270.00 нысан – «Кірістер мен мүлік туралы декларация».
«Кірістер мен мүлік туралы декларацияны» кімдер тапсырады
2021 жылы активтері мен міндеттемелері туралы Декларацияны (250.00-нысан) ұсынған жеке тұлғалар күнтізбелік жыл үшін кірістері мен мүлкі туралы Декларацияны (270.00-нысан) жыл сайын ұсынуға міндетті.
«Кірістер мен мүлік туралы декларацияда» көрсетілетін мәліметтер
Маңызды!
Декларацияда табыстың келесі түрлері бойынша жеке табыс салығын (ЖТС) көрсету және есептеу қажет:
Ескертпе
Табыстардың осы түрлерін кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсету және олар бойынша ЖТС есептеу кезінде 240.00 нысандағы декларацияны табыс ету талап етілмейді (Салық кодексінің 363-бабы 1-тармағы 9) тармақшасының екінші абзацы).
Бұдан басқа, жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияда есепті салық кезеңі ішінде келесі мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетеді:
3) Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
4) Бағалы қағаздар;
5) Инвестициялық алтын;
6) Туынды қаржы құралдары;
7) Тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі.
«Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны» ұсыну мерзімі
Қағаз тасығышта-2022 жылғы 15 шілдеденкешіктірмей;
Электрондық түрде-2022 жылғы 15 қыркүйектенкешіктірмей.
ЖТС төлеу мерзімі
Жеке табыс салығы бойынша декларация (240.00-нысан) және кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан) үшін Салық кодексінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Салық кодексі) табыс етудің әртүрлі мерзімдері белгіленуіне байланысты кодекс)» (Заңның 33-бабының 2-тармақшасы (Салық кодексінің 362-бабының 1-тармағы), кірістері мен мүлкі туралы декларациядан (270.00-нысан) ЖТС есептейтін адамдар үшін ЖТС төлеу мерзімі бойынша түзетулер енгізіледі.
Аталған түзетулер Салық кодексінің 71-тарауына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны табыс ету жөніндегі міндет жүктелген адамдардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияны табыс ету үшін Салық кодексінің 635-бабында белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей оны табыс ету тәсілдеріне қарай Жеке табыс салығын төлеуді жүргізуін көздейді.
Бұл ретте, ЖТС төлеудің мерзімдері
егер декларация қағаз тасығышта табыс етілсе -15 шілдеден кейін 10 күн ішінде;
егер декларация электронды түрде ұсынылса- 15 қыркүйектен кейін 10 күн ішінде жүргізілуі тиіс.
«Кірістер мен мүлік туралы декларацияны» ұсыну тәсілдері
Электронды түрде – «Салық төлеушінің кабинеті» мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz) және e-SalyqAzamat мобильді қосымшасы.
Қағаз тасығышта - мемлекеттік кірістер органдарына тапсырылады.
«Кірістер мен мүлік туралы Декларацияны» қайда тапсыру қажет
Декларацияны жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлерді және жеке практикамен айналысатын адамдарды қоспағанда, мысалы, мемлекеттік қызметшінің жұбайы (зайыбы) тұрғылықты (болатын) жері бойынша тапсырады.
Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар декларацияны орналасқан жері бойынша табыс етеді.
Шал ақын ауданы бойынша МКБ