ХҚКО-да көрсетiлетiн қызметтер қолжетiмдi бола түстi

ХҚКО-да көрсетiлетiн қызметтер қолжетiмдi бола түстi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының коммерциялық қызметтерi, соның iшiнде жер учаскелерiн рәсiмдеу бұрынғыдан да қолжетiмдi бола түстi.

Ендi бұл қызметтер Қазақстандағы барлық ХҚКО-ларда көрсетiлетiн болады. Азаматтар өздерiнiң барлық өтiнiшiн бақылау мен есепке алуды қамтамасыз ететiн бэк-офистермен тығыз байланыста болмауы жаңалық болып отыр. Кез келген клиент өз қалауы бойынша жеке менеджердiң көмегiне жүгiне алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы жерге орналастыру жобасын әзiрлеуден бастап жер учаскесiне актi дайындауға дейiн құжаттарды рәсiмдеудiң толық циклiн көрсетедi.

Жердi рәсiмдеу бойынша ең сұранысқа ие қызметтер — жер жобаларын жасау, жер учаскелерiнiң шекараларын белгiлеу, жер учаскелерiн көлденең және биiктiкте түсiру, ауыл шаруашылығы жерлерiн түгендеу, аэрофототүсiрiлiм жұмыстары, жер-кадастрлық құжаттардың көшiрмелерiн беру және т.б.

Бүгiн Солтүстiк Қазақстан облысында жер кадастры бойынша коммерциялық қызметтердi барлық аймақтарда алуға болады (Арнайы ХҚКО-дан басқа)

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметi