ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ
ЖЕДЕЛДЕТІЛГЕН ТІРКЕУ ҚОЛ ЖЕТІМДІ
ЛІГІ

Әкімшілік кедергілерді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және қызмет алушыларға ыңғайлы болу мақсатында өткен жылдан бастап ҚР-да ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖЕДЕЛ ТІРКЕУ ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.

Жедел ресімдеуге мәміле жасалғаннан кейін бірден тапсырыс беруге болады.

БАРЛЫҚ РӘСІМ ТӨЛЕМ ЖАСАЛҒАН СӘТТЕН БАСТАП ЕКІ САҒАТТАН АСПАЙДЫ.

Қызмет құны:

пәтер, тұрғын үй құқығын тіркегені үшін - 3607,63 теңге

көп пәтерлі тұрғын үй үшін-57720,10 теңге

гараж үшін-3607,63 теңге

жер учаскесіне-3607,63 теңге

тұрғын емес объектілер үшін 72149,95 теңгеден 180374,88 теңгеге дейін

жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамасының өзгеруін тіркегені үшін -1803,63 теңгені құрайды.

Сіз оны Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшасы арқылы төлей аласыз.

Қызмет келесі қолданыстағы қызметтермен қатар жұмыс істейді:

  1. нотариаттық куәландырудан кейін ХҚКО-да тіркеу арқылы –үш жұмыс күні, нотариаттық куәландырусыз – бір жұмыс күні.
  2. нотариус арқылы электрондық тіркеу -ақпараттық жүйеде төлем расталғаннан кейін бір жұмыс күні.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО
бойынша баспасөз қызметі