Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
2021-2025 жылдарға арналған ұлттық
жоба шеңберінде жаңа бизнес-
идеяларды іске асыруға арналған
мемлекеттік гранттар қағидаларына
2-қосымша
Конкурсты ұйымдастырушы: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.
электрондық пошта мекенжайы: msb38@sqo.gov.kz;
байланыс телефоны 8 (715) 2 36 13 62
Конкурстың нысанасы: кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: QOLDAU.KZ субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.
Өтінімдерді ұсыну мерзімі: 2022 жылғы «18» сәуірден бастап «29» сәуірге дейін.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен өңірлік үйлестірушінің ресми сайтында танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kasipker?lang=ru