Жергілікті қоғамдастық жиналысы.

Жергілікті қоғамдастық жиналысы.

2022 жылғы 24-25 қаңтарда Шал ақын ауданы Сергеевка қаласының аумағында Сергеевка қаласының құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі күн тәртібімен жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өтті.

Жиналыстардың шешімі бойынша тұрғындардың көпшілігі келесі көшелердің атауларын өзгертуге "ЖАҚТАП" дауыс берді: Крестьянская көшесін Бірлік көшесіне, Крымская көшесін Ақ қайың көшесіне, Пролетарская көшесін Ынтымақ көшесіне, Ленинград тұйық көшесін Жамбыл тұйық көшесіне, Партизан тұйық көшесін Болашақ тұйық көшесіне, Продотрядовский тұйық көшесін Азаттық тұйық көшесіне, Киров өтпе жолын Ысқақ Ыбыраев өтпе жолына.

Жиналыстың шешімі бойынша тұрғындардың көпшілігі Полевая көшесінің атауын Сәлім Құрманғожин көшесіне ауыстырға "ҚАРСЫ" дауыс берді.