Тұрақты тұру орнын өзгерту үшiн қандай құжаттарды рәсiмдеу қажет?

Тұрақты тұру орнын өзгерту үшiн қандай құжаттарды рәсiмдеу қажет?

Өмiрiмiздi түбегейлi өзгертер маңызды шешiмдердi қабылдауға тура келетiн кездер болады. Осындай шешiмдердiң бiрi — басқа елге тұрақты тұруға көшу. Егер тұрақты тұру орнын өзгертем десеңiз арнайы құжаттарды рәсiмдеу қажет. Мұны ХҚО-ға жүгiну арқылы жасауға болады. Ол үшiн келесi құжаттарды ұсыну керек:

* өтiнiш-сауалнама

* жеке куәлiк және паспорт, 16 жасқа дейiнгi балалардың туу туралы куәлiгi

* егер Қазақстан аумағында заңды түрде асырауыңыз мiндеттi отбасы мүшелерi қалатын болса, алимент төлеу туралы келiсiм

* көшу туралы шешiм қабылдаған кезде он жасқа толмаған баланың пiкiрiн есепке алу туралы қорғаншылық мекемесiнiң қорытындысы

* егер ата-ананың бiрi 18 жасқа толмаған баламен тұрақты тұруға көшсе, екiншi ата-ананың нотариалды келiсiмi

* мемлекеттiк бажды төлеу туралы чек

Қызмет көрсету мерзiмi — 20 жұмыс күнi, құны — 1 АЕК

Қадамдарыңызды ой таразысына салып, дұрыс шешiм қабылдаңыз!

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша филиалының
баспасөз қызметi