2021 жылға 250.00 Салықтық есептік нысаналардың тапсыру тіртібі

2021 жылға 250.00 Салықтық есептік нысаналардың тапсыру тіртібі

Шал ақын ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «жалпыға бірдей декларациялау» Салық кодексінің 71-тарауы қолданысқа енгізіледі.

Енгізу туралы Заңның 45-1-бабының негізінде жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен енгізіледі.

Бірінші кезеңде – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу туралы Заңның 45-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылының 31 желтоқсанында мынадай жеке тұлғалар:

жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары) тапсырады;

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына (бұдан әрі — сайлау туралы Заң, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заң, Банктер туралы Заң, сақтандыру қызметі туралы Заң, бағалы қағаздар нарығы туралы Заң) сәйкес декларацияны табыс ету жөніндегі міндет жүктелген адамдардың.

Осылайша, жалпыға бірдей декларациялауды енгізуге және активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 СЕН) ұсынуға байланысты кірістер мен мүлік туралы декларацияны (230.00 СЕН) ұсыну жөніндегі талаптар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылады.

Осылайша, егер жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша (СЕН 250.00) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам, сайлау туралы Заңға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңға, банк Заңына, сақтандыру қызметі туралы Заңға, бағалы қағаздар нарығы туралы Заңға сәйкес декларацияны табыс ету, болса, онда оның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (СЕН 250.00) 15 шілдеден кешіктірмей қағаз жеткізгіште не 15 қыркүйектен кешіктірмей электрондық түрде, бұрын ұсынылғанның орнына (СЕН 230.00) ұсыну бойынша міндеттемелері туындайды.

Шал ақын ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы