Дала күні

Дала күні

Городецкий ауылдық округі аумағында "Гермес Агро" ЖШС базасында аудан әкімі Р. Н. Смағұловтың төрағалығымен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен "Дала күні"егіс науқанын дайындау бойынша аудандық семинар-кеңес өтті. Аудан әкімі Р.Смағұлов өзінің құттықтау сөзінде ауыл шаруашылығының экономика құрылымында ерекше рөл атқаратынын және аудан экономикасын дамытудың негізгі факторы болып табылатынын атап өтті.

Семинар барысында қатысушыларға "Гермес Агро" ЖШС егіс науқанына қатысатын техниканың дайындығы, "Гермес Агро" ЖШС алаңындағы егіс кешендерінің жұмысы көрсетілді. Одан әрі қатысушылар мен қонақтар "Гермес Агро" ЖШС шаруашылықтарына барып, онда олар мал шаруашылығымен, салынған тұрғын үйлермен, шаруашылықтың өндірістік базаларымен танысты және "Гермес Агро"ЖШС наубайханасына барды.