Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы

Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы

"Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы" анықтаманы алу үшiн әрбiр қазақстандық ХҚО-ға жүгiнген шығар. Бүгiнде оны үйден шықпай-ақ алуға болады:

1. Телеграм-бот @kenes1414bot

Көрсетiлетiн қызметтер > сот жұмысы > соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама > смс-тен растау кодын енгiзу > анықтама телеграмға хабарламамен келедi

2. EGov mobile мобильдi қосымшасы

Қызметтер > жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтылу > соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама > қызметке тапсырыс беру > қол қою > анықтама хабарламаларға түседi

3. Портал арқылы eGov.kz

Қызметтер > жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту > соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру > қызметке онлайн тапсырыс беру > қол қою > анықтаманы алу үшiн 5-10 минуттан кейiн жаңарту.

«Азаматтарға арналған
үкiмет» мемлекеттiк
корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз
қызметi