Новопокров ауылдық округiнiң әкiмi тағайындалды

Новопокров ауылдық округiнiң әкiмi тағайындалды

Сайлау қорытындысы бойынша және аудандық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 14 сәуiрдегi шешiмi негiзiнде, аудан әкiмiнiң 16 сәуiрдегi өкiмiмен Бимендин Ерген Амантайұлы Новопокров ауылдық округiнiң әкiмi болып тағайындалды.

Ерген Амантайұлы 1980 жылы 17 наурызда Солтүстiк Қазақстан облысы Сергеевка ауданы Қаратал ауылында дүниеге келген.

2008 жылы Қазақстан-Ресей ашық бiлiм беру университетiн "Құқықтану" мамандығы бойынша бiтiрген.

1999 жылдың мамырынан 2001 жылдың сәуiрiне дейiн әскер қатарында болды.

Еңбек жолын 2002 жылы ҚР IIМ училищесiнiң тыңдаушысы болып бастаған.

2002 жылдың қарашасынан 2018 жылдың желтоқсанына дейiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдарында қызмет атқарды.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап қазiргi уақытқа дейiн Сергеевка қ. автожанармай құю станциясының операторы болып жұмыс iстедi.

Үйленген, жұбайымен төрт бала тәрбиелеуде.