Сергеевка қаласының әкiмi тағайындалды

Сергеевка қаласының әкiмi тағайындалды

Сайлау қорытындысы бойынша және аудандық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 14 сәуiрдегi шешiмi негiзiнде, аудан әкiмiнiң 16 сәуiрдегi өкiмiмен Сайлаубек Төлегенұлы Қошанов Сергеевка қаласының әкiмi болып тағайындалды.

Сайлаубек Төлегенұлы 1965 жылы 18 желтоқсанда СҚО, Ғ. Мүсiрепов ауданы, Қарағаш ауылында дүниеге келген.

1988 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордендi ауыл шаруашылығы институтын "орман шаруашылығының инженерi"мамандығы бойынша бiтiрген.

2005 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн "заңгер" мамандығы бойынша бiтiрген.

1988 жылдың маусымынан 1994 жылға дейiн Шал ақын ауданы Сухорабовка ауылында орманшы болып жұмыс iстедi.

1994 жылдан 1996 жылға дейiн "Сергеев орман және жануарлар дүниесiн қорғау мекемесi" ММ директорының орынбасары, Ровное а., Шал ақын ауданы.

1996 жылдан 2019 жылға дейiн "Сергеев орман және жануарлар дүниесiн қорғау мекемесi" ММ директоры болып жұмыс iстедi, Ровное а., Шал ақын ауданы.

2019 жылдан 2020 жылдың желтоқсанына дейiн кәсiпкерлiк қызметпен айналысты.

2020 жылдың желтоқсанынан қазiргi уақытқа дейiн Сергеевка қаласы "Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкiмiнiң аппараты" ММ мемлекеттiк-құқықтық жұмыс бөлiмiнiң бас маманы лауазымында және қала әкiмiнiң мiндеттерiн орындау үшiн "Сергеевка қаласы әкiмiнiң аппараты" КММ iссапарға жiберiлдi.