
Отырыста төрт мәселе қаралды.
Бірінші мәселе — кәмелетке толмағандар арасында есірткі құралдарын қолдану және таратуға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Екінші мәселе — Жастар ресурстық орталығының кәмелетке толмағандармен жүргізілетін профилактикалық жұмыстарға қатысуы.
Үшінші мәселе — Сергеевка қаласындағы мектептерде оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру.
Сондай-ақ «тәуекел тобындағы» кәмелетке толмағандармен профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты қызметтерге профилактикалық жұмысты күшейтуге, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.