
Күн тәртібінде балалардың жаппай жиналатын орындардағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және мектеп ортасындағы буллингтің алдын алу мәселелері қаралды.
Отырыс барысында жауапты мекемелердің ақпараттары тыңдалып, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.