
Отырыс барысында күн тәртібіндегі үш мәселе қаралды:
— 2026 жылдың II тоқсанына арналған кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыс жоспары;
— қолайсыз отбасылардағы балалардың тұрмыс жағдайын тексеру бойынша бірлескен рейдтердің қорытындылары;
— «Аю-тас» сауықтыру лагерінің жазғы маусымға дайындығы.
Барлық мәселелер бойынша жауапты органдардың баяндамалары тыңдалып, тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Сонымен қатар, отырыс барысында 3 материал қаралды, оның ішінде 2-еуі ата-аналардың өз міндеттерін тиісінше орындамауына қатысты.
Аталған бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда.