📢 27 ақпанда ауданда кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

📢 27 ақпанда ауданда кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Күн тәртібінде мектептердің әлеуметтік-психологиялық қызметтерінің суицидтің алдын алу және кәмелетке толмағандарға психологиялық көмек көрсету жұмысы, есепте тұрған жасөспірімдермен жеке профилактикалық жұмыс, жасөспірімдер арасында туберкулездің алдын алу шаралары, патронаттық тәрбиедегі балаларға төленетін жәрдемақылардың тағайындалуы, мектептегі буллингтің алдын алу, сондай-ақ көктемгі су тасқыны кезеңіндегі және жұқа мұзға шығуға тыйым салу бойынша қауіпсіздік шаралары қаралды.

Барлық мәселелер бойынша жауапты органдарға нақты тапсырмалар берілді.