📢 2025 жылғы 26 желтоқсанда аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

📢 2025 жылғы 26 желтоқсанда аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:
🔹 кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу және жыныстық тәрбие мәселелері;
🔹 Комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау және бекіту.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті сала өкілдерінің баяндамалары тыңдалып, алдағы кезеңге нақты тапсырмалар берілді.

Балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс жүйелі түрде жалғасын табады.