
Сессия жұмысына аудан әкімі Қайрат Омаров, мәслихат депутаттары, аудандық бөлімдер мен мекемелердің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Алдымен аудан әкімі Қайрат Омаров ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Сондай-ақ 2026–2028 жылдарға арналған аудан бюджеті, Сергеевка қаласы мен ауылдық округтердің бюджеттері бекітілді.
Сонымен қатар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлеріне ынталандыру үстемақыларын белгілеу мәселесіне өзгерістер енгізу, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының есебі тыңдалып, 2026 жылға арналған жұмыс жоспары мен аппараттың құрылымы қаралды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.