
Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, мектеп ортасында буллингтің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері, 2025 жылдың екінші жартыжылдығындағы қорғаншылық және қамқоршылық органы жұмысының есептері тыңдалды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және оны болдырмау бағытында қабылданып жатқан шаралар талқыланды.
Барлық мәселелер бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы қатаң бақылауға алынды.