
Отырыс барысында екі негізгі мәселе қаралды. Біріншісі — құқық бұзушылыққа бейім кәмелетке толмағандарды анықтау жұмыстары және мұндай жағдайлардың алдын алу шаралары. Екіншісі — білім алушылардың «үй – мектеп – үй» бағыты бойынша қозғалыс кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде ілесіп жүруді ұйымдастыру және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау.
Сонымен қатар, комиссия мүшелері полиция бөлімінің бір отбасыға қатысты енгізген ұсынысын қарастырды.
Талқылау қорытындысы бойынша тиісті қызметтерге нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.
Отырыс жұмыс тәртібінде өтіп, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге және кәмелетке толмағандар арасындағы мәселелерге дер кезінде әрекет етуге баса назар аударылды.