Құрметті аудан тұрғындары! 2025 жылғы 11 қазан күні сағат 10:00-де «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өтетін жалпыұлттық сенбілікке қатысуға шақырамыз.

Құрметті аудан тұрғындары!  2025 жылғы 11 қазан күні сағат 10:00-де «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өтетін жалпыұлттық сенбілікке қатысуға шақырамыз.

Бұл – ауданымызды таза, жайлы әрі көрікті ету үшін бірігудің тамаша мүмкіндігі. Көшелер мен аулаларды, саябақтар мен гүлзарларды тазалап, ағаш пен гүл отырғызайық.

Барша тұрғындарды, еңбек ұжымдарын, кәсіпорындар мен ұйымдарды игі іске үлес қосуға шақырамыз!
Әрқайсымыз өз үлесімізді қосу арқылы қоршаған ортаны өмір сүруге қолайлы ете аламыз.

Қолғаптарыңызды, керек-жарақтарыңызды және көтеріңкі көңіл-күйіңізді алып, сенбілікке шығыңыздар!
Сіздердің белсенділіктеріңіз бен бейжай қарамаушылықтарыңыз – ауданымыздың тазалығы мен тәртібінің кепілі.

Бірге – таза және жасыл аудан үшін!