Сапар барысында ол бірқатар маңызды нысандардың құрылысымен және олардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Алдымен Ақанбарақ ауылында фельдшерлік-акушерлік пунктте болды. Сондай-ақ осы ауылда ол жаңа су тарату станциясының құрылысымен танысты.
Одан кейін облыс әкімінің орынбасары Сергеевка қаласында болды. Мұнда әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлердің құрылысын қарап, олардың сапасы мен мерзіміне назар аударды. Сонымен қатар қаладағы су сорғы станциясын аралап, Сергеев су торабының жұмысымен танысты.
Сапар соңында Нұрлан Кеңесов Арай ауылына дейінгі жол учаскесін көріп, жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша жоспарлармен танысты.