«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2-тармағы негізінде, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2025 жылғы 23 маусым мен 23 шілде аралығында келесі мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды:
1) "СҚО Шал ақын ауданы әкімінің аппараты" КММ;
2) "СҚО Шал ақын ауданының экономика және қаржы бөлімі" КММ;
3) "СҚО Шал ақын ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" КММ;
4) "СҚО Шал ақын ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімі" КММ;
5) "СҚО Шал ақын ауданының жер қатынастары бөлімі" КММ;
6) "СҚО Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ;
7) "СҚО Шал ақын ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" КММ;
8) "СҚО Шал ақын ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" КММ.
9) «СҚО Шал ақын ауданы Афанасьев ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
10) «СҚО Шал ақын ауданы Аютас ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
11) «СҚО Шал ақын ауданы Городецк ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
12) «СҚО Шал ақын ауданы Жанажол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
13) «СҚО Шал ақын ауданы Новопокров ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
14) «СҚО Шал ақын ауданы Приишим ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
15) «СҚО Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
16) «СҚО Шал ақын ауданы Сухорабов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
17) «СҚО Шал ақын ауданы Юбилейный ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
18) «СҚО Шал ақын ауданы Арай ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
19) «СҚО Шал ақын ауданы Сергеевка қаласы әкімінің аппараты» КММ
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады. Талдауға қатысу мәселелері бойынша 2025 жылғы 20 маусымға дейін (қоса алғанда) келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 2-12-48.